Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ресей президенті Владимир Путинмен кездесуі басталды. Бұл туралы Ақорда хабарлады.
«Владимир Путин Қасым-Жомарт Тоқаевты қошеметпен күтіп алды», – делінген хабарламада.
Қазақстан мен Ресей басшылары екі елдің стратегиялық серіктестігінің өзекті мәселелерін, соның ішінде сауда-экономикалық ынтымақтастығын одан әрі дамыту тақырыбын талқылайтыны жоспарланған.