Жеңілдетілген автонесие: өнеркәсіпті дамыту қоры соңғы траншты аударды
Жеңілдетілген автонесие: өнеркәсіпті дамыту қоры соңғы траншты аударды
653
оқылды
Индустриялық даму қоры (ИДҚ) жеңілдетілген автонесие бағдарламасының жүзеге асырылуы туралы айтты.
"Индустриялық даму қоры жеңілдетілген автонесие бағдарламасы аясында "Еуразиялық банк" АҚ-қа қалған 10 миллиард теңге лимитті бөлді", делінген хабарламада.
Осылайша, 4 проценттік автокредитке бөлінген 100 млрд теңге толығымен екінші деңгейлі банктерге аударылды.
Қаржы төрт банкке таратылды.
Олар:
Еуразиялық банк –  35 млрд теңге;
Банк ЦентрКредит – 27,5 млрд теңге;
Қазақстан Халық Банкі – 22,5 млрд теңге;
Forte Bank – 15 млрд теңге.
Осы уақытқа дейін бағдарлама бойынша 31 538 өтінім түскен. Соның ішінде 95,517 млрд теңгенің 12 483 өтінімі мақұлданды.
Барлығы 77,068 млрд теңгеге бағаланған 10 015 автокөлік берілді.
"Жеңілдетілген автонесие бағдарламасы 30 жылға есептелгенін естеріңізге саламыз. Бөлінген лимит толық игерілгеннен кейін автонесие беру револьверлік несиелеу механизмі негізінде, яғни бастапқы қарыз алушылардың өтелген несиелік төлемдері есебінен жүзеге асырылатын болады", дейді қор мамандары.