Қытай шекарасынан тыс жерде коронавирустан бір адам қайтыс болды. Өлім Филиппинде тіркелді. 44 жасында қайтыс болған ер адам Уханнан келген. Бұл туралы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Филиппиндегі бөлімі Twitter-інде жазды. Ол Филиппинде коронавируспен ауырған екі адамның бірі болған. 1 ақпан күні көз жұмды. Қазір Қытайда 13846 адам коронавирус жұқтырған, 304 адам қайтыс болды. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жаңа коронавирустың өршуін халықаралық мәні бар төтенше жағдай деп жариялады.