12 үздік шахматшы қатысады
12 үздік шахматшы қатысады
327
оқылды
17-30 қыркүйек аралығында Нұр-Сұлтанда ФИДЕ (WGP) әйелдер арасындағы гран-при жарысының бірінші кезеңі өтеді. Қазақстан шахмат федерациясы бұл турнирге әлемнің ең үздік 12 шахматшысы қатысатынын хабарлады. Қазақстан «Women Grand Prix-2022» турнирін ұйымдастырушы құқығында ойыншы ретінде үміткерді ұсына алады. WGP кезеңінің осы сериясында Қазақстанның намысын Бибісара Асаубаева қорғайды. Турнирдің ресми регламентіне және халықаралық рейтингісіне сәйкес, шахматтан ҚР әйелдер құрамасының кө­шбасшысы Жансая Әбдімәлік те қатысушылар тізіміне енді. Турнир қорытындысы бойынша «WGP» сериясында ең к­өп ұпай жинағандар ФИДЕ үміткерлерінің әйелдер турниріне қатысу құқығына ие болады.

Асыл ТҰМАР