17-30 қыркүйек аралығында Нұр-Сұлтанда ФИДЕ (WGP) әйелдер арасындағы гран-при жарысының бірінші кезеңі өтеді. Қазақстан шахмат федерациясы бұл турнирге әлемнің ең үздік 12 шахматшысы қатысатынын хабарлады. Қазақстан «Women Grand Prix-2022» турнирін ұйымдастырушы құқығында ойыншы ретінде үміткерді ұсына алады. WGP кезеңінің осы сериясында Қазақстанның намысын Бибісара Асаубаева қорғайды. Турнирдің ресми регламентіне және халықаралық рейтингісіне сәйкес, шахматтан ҚР әйелдер құрамасының көшбасшысы Жансая Әбдімәлік те қатысушылар тізіміне енді. Турнир қорытындысы бойынша «WGP» сериясында ең көп ұпай жинағандар ФИДЕ үміткерлерінің әйелдер турниріне қатысу құқығына ие болады.
Асыл ТҰМАР