Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
RU
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
  • Жаңалықтар
    • Басты жаңалықтар
    • Қазақстан
    • Әлем
  • Экономика
  • Саясат
  • Әлеумет
  • Жаһан
  • Мәдениет
  • Спорт
  • Сұхбат
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Aikyn.kz | Жаңалық жаршысы. Ресми ақпарат. Жаңалықтар
Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
Басты бет Қазақстан

Болашаққа жарқын жол

«Айқын» ақпарат
Ақпан 15, 2020
Қазақстан, Жаңалықтар
Болашаққа жарқын жол
23
қаралым

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңның басты мақсаты – азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, сыбайлас жемқорлық көріністерінен туындайтын қауіп-қатерден ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жемқорлыққа байланысты құқықбұзушылықтың алдын алу, олардың жолын кесу және ашу. Білім беру жүйесінде сыбайлас жемқорлықты жою, білім беру жүйесі арқылы сыбайлас жемқорлықтан бас тартатын ортаны қалыптастыру. Бұл салада қоғам өмірінде түбегейлі шешімі табылмай тұрған мәселе, ол – коррупция.

Елімізде осы мәселеге арнайы қа­был­данған заңдар да, атқарылып жат­қан жұмыстар да баршылық, бірақ бұл мәселе әлі толық шешімін тапқан жоқ. «Қазақстан – 2050» Стратегиясы – қа­лыптасқан мемлекеттің жаңа саяси ба­ғыты. «Қазақстан жолы – 2050: бір мақ­сат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауында Тұң­ғыш Президент – Елбасы Нұрсұл­тан Назарбаев 2050 жылға дейінгі одан әрі дамудың стратегиялық бағытын ай­қындап берді. «Қазақстан – 2050» Стра­тегиясының мақсаттарына сыбай­лас жемқорлықпен ымырасыз күрес жүр­гізу арқылы ғана қол жеткізуге бо­лады. Елбасы айтып өткендей: «Мем­лекет пен қоғам біртұтас майдан құрып, жемқорлыққа қарсы шығуы тиіс. Жем­қорлық – жай құқықбұзушылық емес. Ол мемлекеттің тиімділігіне деген се­нім­ді сетінетеді және ұлттық қауіп­сіздікке төнген тікелей қатер болып табылады» делінген. Әлемнің көптеген елі секілді, біздің мемлекетіміз де сы­байлас жемқорлықтың алдын алып, оның тамырына балта шабуға бағыт­тал­ған мақсатты жұмыстар жүргізіп келеді.

Бүгінгі педагогика ғылымдарының алдында тұрған зор міндеттің бірі – саналы ұрпақ тәрбиелеу, жастардың қоғамдық өмірден еш уақыт қол үзбей, өз елін сүюге, салт-дәстүр, әдет-ғұрпын сақтауға, өз тілін мақтан ете отырып, өзге тілді меңгеруге ықпал жасау. Егер біз жемқорлықты түбегейлі жоюды мін­дет етіп алсақ, ел болашағын әлемге таны­ту – бүгінгі ұрпақтың үлесінде деп білемін. Қазақ ұлттық өнер академия­сының ректоры, Қазақстанның ең­бек сі­ңірген қайраткері Ақан Әбдуа­лиев Президент Жолдауында айтыл­ған сы­бай­лас жемқорлықтың себеп­тері мен ал­ғышарттарын анықтап, оларды жою жұмысын күшейту ту­ра­лы айта келіп, елдегі сыбайлас жем­қорлық деңге­йін төмендету бағытында алдымызда әлі талай үлкен міндеттер тұр, талай сын ке­­зеңдерден өтуге тура келеді және сапа­лы нәтижеге қол жеткізуіміз қажет деді.

Атырауда ысырапшыл емхана аз емес

Жемқорлықпен күрес әңгіме өзегіне айналды

Ел халықаралық құжаттың құрбаны болмайды

Т.Жүргенов атындағы ҚҰӨА мек­теп-интернат, колледж аясында 2019-2020 жылдарға арналған «Саналы ұр­пақ» клубының жобасы жасалып, бе­кі­тілді. Жобаның миссиясы: Қазақстанда тұратын патриоттар және бәсекеге қа­білетті сыбайлас жемқорлықтан азат жастар. Біз елдегі сыбайлас жемқорлық деңгейін төмендету бағытында елеулі қадам жасаудамыз. Басты назар кө­біне сыбайлас жемқорлықтың салдар­ымен күресуге аударылып отыр. Сту­денттер мен оқушыларға және де өзге тұлғаларға арналған хаттар мен өті­ніштер үшін «Сенім жәшігі» ашыл­ды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бі­лім беру мен тәрбиелеу үлгісі бойынша өткізілген тақырыптар төңірегінде іс-шаралар атқарылды. «Заң және оны сақтау қажеттігі», «Жемқорлық қайдан пайда болады?», «Барлық нәрсені ақ­шаға сатып алуға бола ма?», «Талап пен қалау арасындағы қарама-қайшы­лық­тарды қалай шешуге болады?», «Шы­найы болу дегеніміз не?», «Әділетті заң», «Сыбайлас жемқорлық дегеніміз не?» тақырыптарында студенттерге сыбайлас жемқорлықтың соңы неге апаратыны туралы сюжет көр­сетілді. Алдағы уақытта «Балалық шақ­тан жемқорлықсыз өмір» тақырыбында суретшілермен көрме ұйымдасты­рылады және колледжіміздің актер мамандығы «Ар-ождан – адамның ішкі төрешісі» атты тақырыпта концерттік көріністер көрсетіледі және т.б іс-ша­ралар орындалады. Сыбайлас жем­қор­лықпен күресу барлық азаматтың бо­рышы деп білемін. Тек таза және адал ең­бек қана өскелең ұрпақ үшін табыс­тың, жоғары жетістіктің, білім мен материалдық игіліктің басты өлшеміне айналуы тиіс. Ұлт болашағы жарқын бол­сын десек, саналы ұрпақ тәрбиелейік!

 

З.ЖҰМАХМЕТОВА,
Т. Жүргенов атындағы ҚҰӨА
мектеп-интернат колледж басшысы,
Білім беру ісінің құрметті қызметкері

 

 
Тегтер: азаматтардың құқықтарбостандықтарын қорғаужемқорлықзаңкоррупция
Алдыңғы жаңалық

Алматылықтар жер сілкінісін сезді

Келесі жаңалық

Елордада оқушы көп, мектеп аз

Ұқсас жаңалықтар

атырау
Қазақстан

Атырауда жақындарынан жәбір көрген 840 әйел полицияға арызданған

Ақпан 27, 2021
армения
Жаңалықтар

Армениядан әкелінген көліктерді тіркеу мерзімі ұзартылды

Ақпан 27, 2021
тұрғын
Жаңалықтар

СҚО тұрғыны 10 жасар баланы зорлады деген күдікке ілінді

Ақпан 27, 2021
елорда
Nur Otan

Елорданың Достық үйінде Алғыс айту күніне арналған дөңгелек үстел өтті

Ақпан 27, 2021

СОҢҒЫ ЖАҢАЛЫҚТАР

Атырауда жақындарынан жәбір көрген 840 әйел полицияға арызданған

Ақпан 27, 15:29

Армениядан әкелінген көліктерді тіркеу мерзімі ұзартылды

Ақпан 27, 15:05

СҚО тұрғыны 10 жасар баланы зорлады деген күдікке ілінді

Ақпан 27, 14:36

Елорданың Достық үйінде Алғыс айту күніне арналған дөңгелек үстел өтті

Ақпан 27, 14:13

Данияр Елеусіновтің келесі жекпе-жегі қашан өтетіні белгілі болды

Ақпан 27, 13:41

Қазақстандық боксшы қыздар Болгариядағы халықаралық турнирдің финалына шықты

Ақпан 27, 13:16

9 көлік ұрлаған түркістандыққа сот үкімі шықты

Ақпан 27, 12:44
ТОЛЫҒЫРАҚ ЖАҢАЛЫҚТАР
«Айқын» республикалық қоғамдық-саяси газеті
  • РЕДАКЦИЯНЫҢ МЕКЕНЖАЙЫ:
  • 010000, Нұр-Сұлтан қаласы, Қонаев көшесі, 12/1.
  • Байланыс телефоны: (7172) 72-95-46.
  • E-mail: aikyngazeti@gmail.com, aikyn_nurmedia@mail.ru
  • www.aikyn.kz
  • www.facebook.com/aіkyn.kz
  • www.twitter.com/aikyn_gazeti

Бұл желі ресурсының ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан азаматтарға арналған.

Басты жаңалықтар

атырау

Атырауда жақындарынан жәбір көрген 840 әйел полицияға арызданған

Ақпан 27, 2021
армения

Армениядан әкелінген көліктерді тіркеу мерзімі ұзартылды

Ақпан 27, 2021
NurMedia Nur otan
Яндекс.Метрика
  • РЕДАКЦИЯ
  • ЖАРНАМА
  • БАЙЛАНЫС
  • ЖАЗЫЛУ

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»

Нәтижелер жоқ
Барлық нәтижелерді қарау
  • Онлайн жазылу
  • Жаңалықтар
    • Әлеумет
    • Саясат
    • Экономика
  • COVID-19
  • Nur Otan-ның жаңа депутаттары

© 2020 ТОО «АЙҚЫН-ЛИТЕР»