Шу көлік прокуратурасы ҚТЖ Қарағанды филиалының шенеунігі 16 миллион теңге жымқырғанын анықтады, деп хабарлайды ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі. "Сары-Шаған жол дистанциясы" бойынша қаржы-шаруашылық қызметін тексеру актілерін зерделеу барысында ұрлық анықталды. Бухгалтерлік құжаттар бойынша 11,3 миллион теңгеге жөндеу жиынтықтары жөндеуді қажет ететін учаскелерде пайдаланылды, ал 4,6 миллион теңгеге 32 мың литр ЖЖМ кәсіпорын қажеттілігіне жұмсалды. Алайда, тексеру "ҚТЖ"АҚ "Сары-Шаған жол дистанциясының" бұрынғы директоры Қыдырбаев жоғарыда көрсетілген материалдарды сатып, түскенақшаны өз қажеттіліктеріне жұмсаған. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру нәтижелері бойынша Қыдырбаев сотқа берілді және сот үкімімен Қарағанды облысы Приозерск қалалық сотының 26 желтоқсандағы 2019 жылғы шешімімен кінәлі деп танылды. Шенеунік 7 жылға шартты түрде сотталып, материалдық-жауапты лауазымды атқару құқығынан бес жыл мерзімге айырды. "Аталған үкімге прокуратура сыбайлас жемқорлық қылмысы үшін шартты түрде соттауға тыйым салуды және қылмыстық іс жүргізу заңнамасының басқа да нормаларын бұзуға байланысты апелляциялық өтініш енгізді",-деп хабарлады ведомстводан. Қарағанды облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының 2020 жылғы 11 ақпандағы Қаулысымен Сот үкімі өзгертілді, Қыдырбаевқа қатысты шартты жаза жойылды. Шенеунік 7 жыл бас бостандығынан айрылды. "Енді ол жазасын орташа қауіпсіздік қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде өтейтін болады", - деп атап өтті прокуратурада. Сондай-ақ Қыдырбаев мемлекеттік органдар мен ұйымдарда қызмет атқару құқығынан өмір бойына айырылды.