Елордада үш жігіттен есірткі мен тапанша табылды
Елордада үш жігіттен есірткі мен тапанша табылды
Елордада көлікті тексеру кезінде жолаушы орындығынан тапаншаға ұқсас зат пен есірткі табылды.
Polisia.kz басылымы таратқан ақпарат бойынша, жолаушылардың бірінің барсеткасынан 48 құтыда өсімдік тектес есірткі заты табылды, ол «гашиш» болуы мүмкін. Заттың жалпы салмағы 47,10 грамм.
Қазіргі уақытта ұсталғандарға қатысты бірден екі қылмыстық іс қозғалды. Қаруды заңсыз алып жүргені үшін күдіктілерге екі жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылады, – деп мәлімдеді ҚР ІІМ баспасөз қызметі.
Ал есірткіге келер болсақ, ол бойынша 160 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл салынуы немесе 40 тәулікке дейінгі мерзімге қамалуы мүмкін.