Қасым-Жомарт Тоқаев Сочидегі келіссөздің қорытындысына көңілі толатынын айтты
Қасым-Жомарт Тоқаев Сочидегі келіссөздің қорытындысына көңілі толатынын айтты
361
оқылды
Қазақстан Президентінің баспасөз хатшысы Руслан Желдібай Тоқаев пен Путиннің жеке келіссөздері туралы айтты.
«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Сочиде ұзаққа созылған жеке кездесудегі келіссөздің қорытындысына көңілі толатынын жеткізді. Мемлекет басшысының пікірінше, келіссөз өзара сенім әрі іскерлікпен ерекшеленген айырықша достық атмосферада өтті. Президент сауда-экономикалық, инвестициялық және гуманитарлық ынтымақтастыққа, екі елдің халықаралық аренадағы өзара іс-әрекетіне қатысты барлық мәселелер жан-жақты талқыланғанын атап өтті. Мемлекет басшылары өз деңгейіндегі уағдаластықтарды екі ел үкіметтерінің тұрақты түрде жүзеге асыруы маңызды деп түсінеді», – деп жазды Руслан Желдібай Facebook парақшасында.
Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинге құрметі мен қонақжайлығы үшін шынайы ризашылығын білдірді.