БҚО-да құс фабрикасы түгелдей жанып кетті
БҚО-да құс фабрикасы түгелдей жанып кетті
1,313
оқылды
 Батыс Қазақстан облысында құс фабрикасында өрт шығып, жанып кетті. БҚО Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, оқиға 20 тамыз күні Бәйтерек ауданы Щапов ауылында болды.
«Сағат 12:20-да ауыл маңында орналасқан құс фабрикасының цехы жанып жатқаны жөнінде хабар түсті. «Тілсіз жауды» ауыздықтауға 21 адам (5 техника) жұмылдырылды. Өрт сағат 14:13-те толықтай өшірілді. Өрт салдарынан жалпы аумағы шамамен 1 875 шаршы метр құсқа арналып салынған цех түгелдей жанып кетті. Адамдар аман. Қазіргі кезде өрттің шығу себебі, кінәлі адамдар, келтірілген шығын анықталу үстінде», – деп хабарлады ведомстводан.