Каспий теңізінде жүзіп жүрген екі қыз баланы итбалық тістеп алды

Каспий теңізінде жүзіп жүрген екі қыз баланы итбалық тістеп алды

Қаланың 14-шағын ауданы тұсында Каспий теңізінде жүзіп жүрген екі қыз баланы итбалық тістеп алды, – деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«19 тамыз күні облыстық балалар ауруханасының қабылдау бөліміне қыздарды алып келді. Олардың жарасы тазаланып, таңылды және құтырмаға қарсы екпе салынды», – деп мәлімдеді мекеменің баспасөз қызметінен.
11 және 12 жасар қыз балалар жағалауға жақын жерде шомылып жүрген.