Алматы облысында өзенге құлап кеткен баланың денесі табылды
Алматы облысында өзенге құлап кеткен баланың денесі табылды
541
оқылды
Алматы облысында өзенге құлап кеткен баланың денесі табылды.
«Іздестіру жұмыстары аяқталды. Баланың денесі табылды», – деп хабарлайды lider.kz Instagram парақшасында.
Бұған дейін Алматы облысының Төтенше жағдайлар департаменті 18 тамыз күні түстен кейін Қарасай ауданына қарасты Қаскелең шатқалында 2011 жылы туған бала абайсызда Қаскелең өзеніне құлап кеткенін хабарлаған болатын. Ол отбасымен демалыста болған.