Eagle FC турнирінде қазақстандық файтер ресейлік қарсыласын жеңді
Eagle FC турнирінде қазақстандық файтер ресейлік қарсыласын жеңді
©Vesti.kz
906
оқылды
Қазақстандық жеңіл салмақтағы файтер Әли Қабдолла (6-0-1) Хабиб Нурмагомедовтың лигасында жеңіске жетті. Оның Нұр-Сұлтандағы мерейтойлық, 50-ші турнирдегі жекпе-жектегі қарсыласы ресейлік Валерий Грицутин болды (12-9). Кездесудің 2 раундында отандасымыз қарсыласын тұншықтыру әдісімен жеңді. Осылайша Қабдолла өз мансабындағы жетінші жеңісіне қол жеткізіп, барлығын мерзімінен бұрын жеңді. Грицутин оныншы жеңілісіне ұшырады. Айта кетсек, кеше елордада Eagle FC Хабиб Нурмагомедов турнирінің промоушен кездесуі өтті. Хабиб Instagram парақшасында Нұр-Сұлтан қаласының өзгергенін айтып, бүгін, яғни 21 тамызда «Барыс Аренада» мерейтойлық турнир өтетінін жазды.