Қазақстанның бірнеше облысында аяз бен тұман күтіледі

Қазақстанның бірнеше облысында аяз бен тұман күтіледі

Синоптиктер 22 тамызда бірнеше облыста аяз бен тұман күтілетінін айтты.

Шығыс Қазақстан облысының түнде солтүстік-шығысында, шығысында топырақ бетінде үсік 2 градус күтіледі.

Қызылорда облысының орталығында, шығысында жел солтүстік-шығыстан соғады, таңертең және күндіз күші 15-20 м/с күтіледі. Облыстың басым бөлігінде төтенше өрт қаупі сақталады. Қызылорда қаласында жел солтүстік-шығыстан соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с күтіледі. Өрт қаупі сақталады.

Күндіз Маңғыстау облысының батысында, оңтүстігінде шаңды дауыл күтіледі. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, күндіз облыстың батысында, оңтүстігінде 15-20 м/с күтіледі.

Түркістан облысының солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 25 м/с. Облыстың оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қаупі сақталады. Шымкент қаласында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с. Түркістан қаласында солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні 15-20 м/с.

Күндіз Батыс Қазақстан облысының батысында шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады екпіні 15-20 м/с.

Қостанай облысының солтүстік-шығысында найзағай күтіледі. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде тұман күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, күші облыстың оңтүстігінде, шығысында 15-20 м/с. Қостанай қаласында түнде және таңертең тұман күтіледі.