Ульяновск облысында жол апатынан қаза болғандар арасында Қазақстан азаматтары жоқ - СІМ
Ульяновск облысында жол апатынан қаза болғандар арасында Қазақстан азаматтары жоқ - СІМ
Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Ресейдегі жантүршігерлік жол апатынан қазақстандықтар қаза болды деген ақпаратты растаған жоқ.
«Ресей Федерациясы Ульяновск облысы төтенше жағдайлар министрлігі штабының алдын ала мәліметі бойынша, аталған облыста болған жол апатынан қаза тапқандар мен зардап шеккендер арасында Қазақстан Республикасының азаматтары жоқ» делінген ресми хабарламада.
Бұған дейін Ресейдің Ульяновск облысының Николаевск ауданында автобус жол апатына ұшырап, 16 адам қайтыс болғаны туралы хабарланған болатын.
«Жол апаты салдарынан микроавтобуста болған 15 адамның және жүк көлігінде болған 1 адам көз жұмғаны анықталды. 3 адам ауруханаға жеткізілді, 1 адам амбулаториялық ем алуға жіберілді. Алдын ала мәліметтер бойынша Ульяновск облысында жол апатына ұшыраған микроавтобуста Қазақстан азаматтары болған», - деген ақпарат таратты ТАСС агенттігі.