Ресейде жол апатынан қаза тапқан 16 адамның арасында Қазақстан азаматы жоқ – СІМ
Ресейде жол апатынан қаза тапқан 16 адамның арасында Қазақстан азаматы жоқ – СІМ
Фото: virtualbrest.ru
1,706
оқылды
Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Ресейдің Ульяновск облысында болған жол апатына қатысты ресми мәлімдеме жасады.
«Ресей Федерациясы Ульяновск облысы Төтенше жағдайлар министрлігі штабының алдын ала мәліметі бойынша, жол апатынан қаза тапқандар мен зардап шеккендер арасында Қазақстан Республикасының азаматтары жоқ» делінген министрліктің ресми хабарламасында.
Ресейдің Ульяновск облысының Николаевск ауданында автобус жол апатына ұшырап, 16 адам (15-і автобуста, 1-уі жүк көлігінде болған) қаза тапты. 3 адам ауруханаға жеткізілді.