Қазақстанда коронавирусқа шалдыққандар саны екі есе азайды

Қазақстанда коронавирусқа шалдыққандар саны екі есе азайды

Өткен тәулікте коронавирус 478 адамнан анықталды. Шымкент қаласы мен Ұлытау облысында коронавирус тіркелген жоқ. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады. Өңірлер бойынша: Нұр-Сұлтан қаласында – 95, Алматы қаласында – 52, Ақмола облысында – 59, Ақтөбе облысында – 16, Алматы облысында – 2, Жетісу облысында – 3, Атырау облысында – 19, Шығыс Қазақстан облысында – 3, Абай облысында – 4, Жамбыл облысында – 3, Батыс Қазақстан облысында – 35, Қарағанды облысында – 83, Қостанай облысында – 45, Қызылорда облысында – 3, Маңғыстау облысында – 21, Павлодар облысында – 17, Солтүстік Қазақстан облысында – 13, Түркістан облысында – 5. Елімізде коронавирусқа шалдыққандар саны 1 384 027-ге жетті.