Қазақстандықтар Отбасы банкіндегі депозиттерін сатып жатыр
Қазақстандықтар Отбасы банкіндегі депозиттерін сатып жатыр
Фото: ainews.kz
4,973
оқылды
Отбасы банкінде қаржы жинаған салымшылар өз депозитін өзгеге сата алады. Naryk.kz-тің дерегінше, қазақстандықтар 89 млрд теңгеге бағаланған 50 мыңға жуық депозитін сатқан. Отбасы банкі 2018 жылдың мамыр айынан бастап депозиттерді үшінші тұлғаға сатуға қайта рұқсат берген болатын.
«Осыған дейін 89,3 млрд теңгеге 50 мыңға жуық депозит сатылды. Ал 2022 жылдың қаңтарынан 15 тамызына дейін 16,6 млрд теңгеге 9,8 мыңға жуық депозит сатылды. Бұл ретте клиенттердің 78 пайызы депозиттік несиені сатып алғаннан кейін несие алған» делінген мәліметте.
Онлайн режимінде тағайындалған депозиттің ең жоғары сомасы – 22,8 миллион теңге, ең төменгісі 292 мың теңге болды. «Отбасы банкі» онлайн тапсыру бойынша транзакциялардың өскенін байқады. Бұл депозит бағасының өзгеруіне байланысты. 2022 жылдың 1 сәуіріне дейін өзіндік құнды есептеу кезінде сараланған тәсіл принципі бойынша қолданылды. Яғни, сыйақы неғұрлым жоғары болса, үстеме коэффициенті соғұрлым жоғары болады. Енді бұл біртұтас жүйе – депозит бойынша маржа – ол бойынша сыйақы мөлшеріне қарамастан, екіге тең жалпы коэффициент негізінде есептеледі.
«Мысалы, клиент депозитін 70 000 теңге банк сыйақысымен сатады. Бұл жағдайда есеп мынадай: 70 000 х 2 = 140 000 теңге. Бұл клиенттің өз депозитін сатқаны үшін сыйақысы. Яғни, сату кезіндегі сома келесідей қалыптасады: депозит бойынша жинақ + мемлекеттік сыйлық + клиенттің сыйақысы», – деп түсіндірді Отбасы банкінің өкілі.
Депозитті сатуға жеті жұмыс күні беріледі. Егер осы уақыт ішінде оны жүзеге асыру мүмкін болмаса, оны қайтадан жасауға болады. Барлық транзакция процесі онлайн режимінде жүзеге асырылады. Сатып алушыдан 0,5% комиссия алынады.