Нұр-Сұлтанда жол ортасында жеңіл көлік өртенді
Нұр-Сұлтанда жол ортасында жеңіл көлік өртенді
Видеодан кадр
474
оқылды
Астаналық көшелердің бірінде жол үстінде жеңіл көлік өртеніп кетті.
«Бүгін 22 тамызда сағат 09.57-де елордалық Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру бөлімшелері Ш.Құдайбердіұлы даңғылы мен Іле көшесінің қиылысында автокөліктің өртенгені туралы хабарлама алды. Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткенде Volkswagen Рassat маркалы автомобильдің қозғалтқыш бөлігі мен салоны жанып жатқаны анықталды. Өрт сағат 10.15-те толығымен сөндірілді» делінген Нұр-Сұлтан қалалық Төтенше жағдайлар департаменті хабарламасында.
Олардың мәліметінше, өртті сөндіруге ТЖД жеке құрамының 5 маманы мен 1 техникасы жұмылдырылған.