Синоптиктер 6 өңірде ескерту жасады
Синоптиктер 6 өңірде ескерту жасады
1,410
оқылды
Елдің алты өңірінде қатты жел соғып, төтенше өрт қаупі күтіледі, деп хабарлайды «Қазгидромет». 23 тамызда түнде және таңертең Солтүстік Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде тұман түседі. Петропавл қаласында 23 тамызда түнде және таңертең тұман күтіледі. 23 тамызда Түркістан облысының солтүстігінде, таулы аудандарында солтүстік-шығыстан жел соғады, күші 15-20, екпіні 23 м/с-қа жетпек. Облыстың оңтүстігінде, шығысында төтенше өрт қауіпі сақталады. Күндіз 23 тамызда Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-батысында шығыстан, солтүстік-шығыстан жел соғады, екпіні – 15-20 м/с. Жетісу облысының солтүстік-шығысында солтүстік-шығыстан жел соғады, күші –15-20, екпіні –25 м/с. Қызылорда облысының орталығында жел солтүстіктен, солтүстік-шығыстан соғады, күндіз күші 15-20 м/с-қа дейін жетеді. Облыстың басым бөлігінде және Қызылорда қаласында төтенше өрт қаупі сақталады. 23 тамызда күндіз Ақтөбе облысының орталығында, шығысында солтүстік-шығыстан, солтүстіктен жел соғады, екпіні 15 м/с-қа дейін жетеді.