Қазақстандық футболшы бір матчта жеті гол соқты
Қазақстандық футболшы бір матчта жеті гол соқты
2,091
оқылды
«Тұран» жастар құрамасында өнер көрсететін 21 жастағы футболшы Бақдәулет Зүлфиқаров Қазақстан екінші лигасының 15-туры аясында «Ақтөбе Ситиге» қарсы ойында жеті гол соқты, - деп хабарлайды Vesti.kz сайты. Хромтауда өткен ойын 7:1 есебімен аяқталды. Зульфикаров екі голды пенальтиден (24-ші және 42-ші минуттар), қалған голдарды ойынның (48, 49, 69, 73, 80-минуттарында) соқты. «Тұранның» негізгі құрамында Зүлфиқаров үш ойын өткізді – біреуі ҚПЛ-да және екеуі ел кубогында.