Ақтауда итбалық ер адамға шабуыл жасады
Ақтауда итбалық ер адамға шабуыл жасады
Жәбірленушінің айтуынша, оқиға 19 тамызда жағалауға жақын жерде болған, деп хабарлайды Lada.kz сайты. Нұрлан Наурызбековтің айтуынша, қонақүйдің жанындағы жағажайда суға түсіп жүргенде, итбалық 25 жастағы жігітке кенеттен шабуыл жасаған. Итбалық ер адамның қолын тістеп, арқасы мен иығын тырнап алған. 20 тамызда Ақтауда итбалық балаларға шабуылдағанын хабарлаған болатынбыз.