Егін науқанына дайындық жоғары
Егін науқанына дайындық жоғары
192
оқылды
Мемлекет басшысы Солтүстік Қазақ­стан облысының әкімі Құмар Ақсақалов­ты қабылдады. Қасым-Жомарт Тоқаевқа облыс әкімі аймақ­тың дамуы жөнінде, атап айтқанда, ауыл шаруа­шы­лығының дамуы, жылыту маусымына дайын­­дық және инвестициялық жобаларды жү­зеге асыру жөнінде баяндады. Құмар Ақсақаловтың айтуынша, өңірде күзгі егін науқаны басталды. Биыл бидайдың бір гек­тары­нан 16 центнер алу болжанып отыр. Облыс­та 170 мың тонна минералды тыңайтқыш енгі­зіл­мек. Өңір басшысы бұл көрсеткіш бойынша рес­­пуб­ликада СҚО көш басында тұрғанын жет­кізді. Аграрлық секторға биыл 180 миллиард теңге ин­вестиция тартылады. Солтүстік Қазақстан об­лысында құны 76 миллиард теңге болатын 31 жоба жү­зеге асырылып жатқаны айтылды. Сонымен қатар ауыл шаруашылығына 2,4 мың техника алын­ған. Қазір аймақта 17 сүт фермасы, 3 құс фаб­­рикасы, жылыжай кешені және май экстрак­ция­лау зауыты салынып жатыр. Өңірде сүт өн­дірісі 26 пайызға өскен. Президентке өнеркәсіп саласындағы жобалар туралы да айтылды. Биыл кірпіш зауыты мен темір бетон бұйымдары, ірімшік шығаратын сүт зауыты ашыл­ды. Қағаз өнімдерін шығаратын фабрика мен автоклавты газоблоктар кәсіпорны іске қо­сыл­мақ. АЖТ, электр қалқанының жабдықтары жә­не жеңіл темір құрылысы сияқты жобаларды іске асыру басталады. Жаңа оқу жылында М.Қозыбаев атындағы Сол­түстік Қазақстан университетінде заманауи зерт­ханалармен жабдықталған оқу-зертханалық кор­пус ашылады. Әлемдегі үздік 100 жоғары оқу орын­дарының бірі Аризона университетімен бірі­гіп, қос дипломды білім алуға студенттерді қа­­­былдау алғаш рет жүргізілді. Облыста биыл 401 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі. Аймақтағы жолдарды жөн­деуге биыл 22 миллиард теңге бөлінген. Бұл қар­жыға 663 шақырым жол жөнделеді. Сонымен қа­тар 55 ауылда су құбырын тарту жұмыстары жүр­гізіліп жатқаны туралы мәлімет берілді. Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев егін жи­нау науқанын жоспарға сай орындауды және об­лыстағы өзге де жобаларды одан әрі жалғас­тыруды тапсырды.