Үздіктер қатарына қосылды
Үздіктер қатарына қосылды
216
оқылды
Қазақстандық Анна Да­ни­лина жұптық сында әлемдегі үздік 20 теннисшінің қатарына кірді. Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) жария еткен жаңартылған рейтингте жекелей сында Қазақ­станның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина 25-орнында қалды. Юлия Путинцева 38-ден 39-ға, Зарина Дияс 241-ден 266-ға төмендеді. Дүниежүзілік рейтингте бұрын­ғыша Польша өкілі Ига Свентек көш бастаса, эстониялық Анетт Контавейт екінші, грекиялық Мария Саккари үшінші орында келеді. Жұптық сында Анна Данилина 21-ден 20-сатыға көтерілсе, Елена Рыбакина 91-ден 108-орынға сырғыды. Ю.Путинцева кеше Кливленд (АҚШ) WTA 250 турнирінде ал­ғашқы кездесуін рейтингте 67-сатыдағы поляк қызы Магда Линетпен өткізді.

К.ЕСІМХАН