Шыңғыс – чемпион

Шыңғыс – чемпион

Қостанайлық боксшы Шың­ғыс Жүсіпов Абу-Дабиде өткен ММА-ден әлем чем­пионатында алтын медаль алды. Жүсіповтің бапкері Марат Әліпбаев спортшысының жеңісі туралы Instagram парақшасында жазды.«Еліміздің Әнұранын шырқатып, Қазақстанның Туын желбіретті. Қазақстандық ММА, Шыңғыс Жүсіпов және мен үшін тарихи сәт! ММА-ден әлем чемпионатының алғашқы алтын медалі»,– деп қуанышты жаңалықты жеткізді бапкер. Чемпионатта әлемнің 20 елінен 28 қарсылас бақ сынады. Шың­ғыс алты жекпе-жек өткізіп, бесеу­ін мерзімінен бұрын аяқтады. Белгілі болғандай, «алтынға» жету жолы оңай болған жоқ, тіпті спортшы чемпионатқа кешігіп қала жаздаған.

 –Бұл жарысқа үлкен күш жұмсадым. 13 тамызда жаттықтыру­шымен Алматыға ұшып, аман-­есен қонып, жарысқа бару үшін келесі күнді күттік. 14 тамызда ұшуымыз керек болған еді. Билеттер бұрын сатып алынған. Енді билеттерді алу кезегі бізге келгенде белгісіз себептермен рейстен алынып тасталғаны белгілі болды. Сол сәтте қатты уайымдаған едім, – деп атап өтті Шыңғыс Жүсіпов.
Бірақ бапкер Әліппаев оның шешімін бірден тапқан. Спортшы мен жаттықтырушы Нұр-Сұлтанға ұшып, сол жерден БАӘ-ге ұшатын рейске жетіп үлгерген.

К.ЕСІМХАН