Төрт қазақстандық карантиндік лайнерде қалып қойды
Төрт қазақстандық карантиндік лайнерде қалып қойды
© Сурет ғаламтордан
Жапонияда круиз лайнеріндегі төрт қазақстандық карантин аймағында қалады. Олардың денсаулығына еш қауіп жоқ. Еліміздің Денсаулық сақтау министрлігінде біздің азаматтарымыз ешқандай шағым айтпағанын хабарлады. Коронавирус белгілері жоқ, – деп хабарлайды КТК. Борттағы карантин келесі сәрсенбіде аяқталады. Кеше алғашқы 11 жолаушы кемеден кетті. Бұл 80 жастан асқан адамдар. Дәрігерлер оларда вирустың бар-жоғын тексерді, нәтижесінде ауру белгілері болмай шыққан. Туристерді уақытша жергілікті колледждердің бірінің жатақханасында орналастырады. Бүкіл әлемде жаңа типтегі пневмонияны 64 500 адам жұқтырды. Негізінен бұл Қытай азаматтары. Олардың ішінде карантин аймағында жұмыс істеген 2000 дәрігер де бар. Тағы 1400 адам инфекцияны жеңе алмады. Сонымен қатар, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы қорқынышты болжам жасады: пневмонияның жаңа түрі ғаламшар халқының үштен екісін зақымдауы мүмкін.