Диқандар дизель отынының бір литрін 202 теңгеден сатып алып жатыр – Қарашөкеев
Диқандар дизель отынының бір литрін 202 теңгеден сатып алып жатыр – Қарашөкеев
Фото: yandex.kz
252
оқылды
Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев елімізде дизель отыны жеткілікті екенін айтты, – деп хабарлайды  Aikyn.kz. Министрдің айтуынша, егін орағы үшін 423,5 мың тонна дизель отыны бөлінді.
«Энергетика министрлігімен бірлесіп уақытылы жеткізу кестесін жасадық. Шілдеде жеткізілуі тиіс жанармайды өңірлер толық алды. Енді тамызға есептелген жанармайды өңірлерге уақытымен жеткізіп жатырмыз», – деді Ербол Қарашөкеев.
Энергетика министрлігі тоннасын 212,0 мың теңге, яғни литріне 177 теңгеден деп орташа бағаны бекітті. Тауар өндірушілердің шығынын қоса есептегенде, республика бойынша жанармайдың орташа бағасының бір литрі – 202 теңге.