Жайылым жер азайды
Жайылым жер азайды
Төрт тү­­лік мал­дың шө­лін қан­дыр­­­ған көл, шө­бі шүйгін жер, ба­ғалы тері адамзат­тың ке­­сі­рі­нен бүлініп жа­тыр. Же­ке және заңды тұл­­­ға­­­лар­дың жер пайда­лану­­шы ре­тіндегі заңсыз­ әре­­кет­­те­ріне тосқауыл қой­­­­ма­й, ауыл ша­руа­­­шы­лығы мен же­ңіл өнер­­кә­сіп­­ке ба­сым­­дық бер­­­мей, бұл мә­селе күр­де­­лене бе­реді. Жер-ана төсінде  жобасыз үй са­лып, мал жайылатын жайылым­дық жерлерді түгін қалдырмай мен­шіктеп, азын-аулақ мал ұстап отыр­ған шаруа қожалықтарын тығырыққа тіреп қойған заңбұзу­шы­лықтар Атырауда көп кездеседі. Өзгенің жерін меншіктеп, өз беті­мен пайдалану, меншік объек­ті­лерін орналастыру, жерді ластау, топырақтың құнарлығын бұзу, су режимін нашарлату фактілері қала мен аудандарда жалғасуда. Айта­лық, Исатай мен Махамбет аудан­да­рының  жер көлемі үлкен бол­ға­ны­­мен, сапасы нашар. Жерді дұ­рыс пайдаланбау салдарынан то­пы­рақ деградацияға ұшырап, құн­­­­сыздану, шөлге айналу про­цес­тері орын алған. Исатай ауданын­дағы Исатай, Қызылүй елді мекен­деріндегі көптеген күтімсіз жер топырақ эрозиясына ұшырап, құм басуда. Нарын ауылдық округінен 3 шақырым жердегі бірнеше жыл бұрын төгілген мұнай қалдығының иесі табылмай, табиғатқа, жан-жануарға келген залалға жа­уап берер ешкім болмай отыр­ғаны – алаңдауға тұрарлық мәселе.  

Жарамды жер қалмай барады

Атырау облыстық қоғамдық кеңесі талдау тобының зерделеу де­ре­гіне сүйенсек, 2016-2018 жыл­дары  Исатай мен Махамбет аудан­дары бойынша жер қойнауын пай­даланушылар тарапынан  ӘК 356-1 бабын бұзудың 10 фактісі тір­кел­ген, оның 8-і Исатай ауданы­на байланысты. Осындай ел игілі­гіне жарамды жерлер, Атырау және Құлсары қалаларында тұрмыстық қоқыстар мен ескі көлікжайлар­дың, жекешелендіру кезінде жеке­мен­­шік­ке өткен өндірістік база­лар­­дың, Атыраудағы нан, сыра, химия, балық зауыттары сияқты күтімсіз, тозығы жеткен нысандар­дың ас­тын­да қалып отыр. Ал тұр­ғын­­дар­дың айтуынша, бұрынғы Алмалы, Қайыршақты ауылдық округіндегі, қала төңірегіндегі үлкен көлемді, жылдар бойы қаңы­рап бос жатқан жерлердің иеле­рі «жоғары» жақта екен. Аты­рау қаласының батыс бө­­лігіндегі өкпе аурулары ауру­ха­на­­сынан Астра­хань бағытына шы­ға­тын автокөлік көпіріне де­йін­гі үлкен аумақта жылдар бойы әр жерде қағылған қазықтан басқа ешнәрсе жоқ. Исатай, Махамбет аудан­да­рын­­дағы үлкен проблема­лық мәсе­лелердің бастысы елді мекен­дердің тазалығы болып отыр. Жерге бай­ланысты заңсыз­дық­тардың орын алу себептерінің бірі – аудан­дық жер қатынастары бө­лімдерінің штат­тық және мате­риал­дық-техни­калық мүмкін­дігі мен маман­дар біліктілігінің төмен­дігі. Аудан­дарда гео­дезиялық және картогра­фия­лық мәліметтер мен жер кадастр­лық картасы жүйелен­беген, жер көлемі толықтай түген­де­ліп, сандық ретке енбеген. Жерді бөлуде жариялық жоқ. Жариялық болмаған жерде жа­­уап­кершілік те болмайтыны анық.  

Жайылымсыз мал қалада жүр

Мал және егін­ шаруашылығы­мен айналысып, облыс эконо­ми­ка­­сына үлес қоса алатын Исатай мен Махамбет аудандарында  ша­бын­­дық жер көлемі мардым­сыз. Мал азығын дайындау мәсе­ле­сі күрделі. Аудандардағы шабын­дық жерлер жеке және заңды тұл­ға­ларға есепсіз, заң шеңберінен тыс бөлініп кеткен. Соның салда­ры­нан мал өрісі тарылып, бұ­рынғы шөп шабатын,мал жайы­ла­тын жерлерге «Жекемен­шік мүлік заңмен қорғалады» деген тақтай­шалар ілініп, адам да, мал да ол аумаққа кіре алмайды. Тіпті ауыл аумағындағы зиратқа адам жер­леудің өзі проблема болды. Жайы­лы­мынан айырылған төрт түлік мал күрежолдың бойына шы­ғып, тіске ілінер шөпті іздеп жол­дың арғы-бергі бетіне өткен кезде көлік апатына себепші бол­ды. Бұдан қалса, азық іздеп ауыл­дан ұзап кеткен мал ұры-қа­рыға қолды болып жатады. Бұл өзекті проблема Атырау қаласы маңын­дағы тұрғындарға да қиын­дық туғызуда. Қала маңындағы ауыл­дардың жағдайы тіпті қиын. Орта­лық көшеде жайылым жердің жоқты­ғынан көше аралап, қоқыс жеп жүрген жылқы мен түйе көп. Олар жол қоз­ғалысына кедергі келтір­ген­дік­тен уақытша ұстайтын алаң­ға апа­рып, иесін хабарландыру арқылы іздеп, қосымша ақысыз жұмыс жүк­теп жүрген құзырлы мекемелер бар. Төрт түлік малда не кінә бар, адам­дар жайылымдық жерін жеке­ше­лендіріп, мал көр­ме­ген­дей, ет жеп, сүт ішпейтін­дей кеу­десінен итеріп тұрса...  

Егінге ешкімнің жолағысы жоқ

Егін салуға оңтайлы жерде орналасқан, Жайық жағасындағы Махамбет ауданында агроөнеркә­сіп кешенін дамытуда нақты іс-ша­ралар іске асса да, қордаланған мә­селе көп. Исатай ауданы аума­ғын­да­ғы 4 канал, 4 суландыру жүйесін талапқа сай пайдаланып, жылы­жай, сүт өндірісін дамыту қолға алынбай келеді. Бұл ауданды ғана емес, облыс халқын көкөніс­пен, ет-сүт өнімдерімен қамти алатын мүм­кіндіктен айырып отыр. Жуыр­­да ғана өңірге іссапар­мен кел­ген Пар­ламент депутаттары да осы мәсе­лені жұртшылықпен жүздесу­де кеңінен тарқатып берді. Парла­мент депутаты Б. Ізмұхам­бе­тов жайы­лым мен егін шаруашы­лы­ғына қатысты өзекті мәселелерді айтты. Мың сылтау айтып, егінші­лік­тен қашқақтап жүрген жерлес­те­ріне Махамбет ауданы­ның Сарай­шық ауылындағы ешкі фер­ма­сынан, алма бағынан мол өнім алып қоймай, лимон өсіруді қолға алған кәсіпкер В.Розметовтың  еңбек­қор­лығын мысал етіп, жұрт­шы­лық­ты мал бағып, егін егіп ырыз­ды­ғын молайтуға ша­қыр­­ды. Сайып келгенде, елімізде іс бас­­тай­мын дегенге қажетті көмек­тің барлығы жасалады, тек ынта-жігер, талпыныс қажет. Атыраудың кли­маты Жер-ананы тоздырмай ұс­тай білгендер үшін егіншілік  кә­сіп­ке де, мал өнімдерін алуға да бо­ла­тынын В.Розметовтей еңбек­сүй­­гіш азаматтар дәлелдеп беріп отыр.  

Бұлақ тартылса, тіршілік жоғалады

Жерасты суларын пайдалану мә­селесін айтсақ, Исатай мен Ма­хам­­бет аудандары  көлемінде де шаруашылық мақсатына пайда­ла­на­тын жерасты суының көзі азай­ған. Тұщы жерасты суын іздес­ті­ру,қорғау мәселесі ешкімді ой­лан­дырмаған. Бұрындағы халық пай­­даланып, су ішкен құдықтар хи­миядан ластанып, минералда­нуы жоғары­ла­ған. Алыс ауылдар­да­ғы,қысы-жазы қыстақтардағы тұр­­ғындарға су жеткізу, қамту проб­­­ле­­малары жеке «водовоздар­дың» жұ­мысына айналған. Табиғаты сұлу Махамбет ауда­нын­дағы орман-тоғай жерлерін тиім­ді пайдаланудан да ұяттымыз. Көз­тартар табиғаты бар Жал­ған­сай, Аққайың, Бейба­рыс, Бе­сік­ті, Алға, Талқайран ауы­лы ма­ңын­­дағы орман-тоғайлар қол­ды бол­ған. Ағаштары қураған, іші қо­қыстан тазаланбаған, мен­шік иелерінің тарапынан таби­­ғатқа жанашырлық жоқ. Қала ма­­ңын­дағы Балық­шы,Курилкино, Жамбыл, Дамба, Ракуша, Жұмыс­кер секілді ауыл­дардағы, сондай-ақ Талқай­ран,Бесікті,Береке елді ме­кенде­рін­­дегі өзенді бойлай са­лын­ған дәмхана мен мейрамханалар, зәу­лім коттеждер суды, жерді бүл­ді­­ріп жатыр.  Оларды тексеру үшін, әрине шағым керек. Шағым бол­маса, ешкім де тексере алма­й­ты­ны­на сенімі мол. Облыстық қоғамдық кеңес тө­р­а­ғасы Мұрат Өтешевтің ай­туын­ша, қалыптасқан қоғамдық пікір ұзақ мерзімге берілген жерді, сулы ал­қапты түгендеп, мемлекет мен­ші­гіне қайтарып алуды ұсынуда. Өйтпегенде азды-көпті жарамды жеріміз, қоршаған табиғатымыз жоға­лып, болашақ ұрпаққа ұсынар еш­теңе қалмайды. Атырау облыстық қоғамдық ке­ңестің талдау тобының зерде­ле­уі­­мен анықталған жайттар, жерді пай­даланудағы өңірдегі мәселе­лер­ді толығымен бақылауға  алып, нақты шара қабылдайтын уақыт жетті. Бұл проблемаларды кешенді ба­қылауға алып, жүйелі жұмыс жүр­­гізілсе, жердің де, халықтың да  жағ­дайы жақсарып, өңірдің әлеу­меттік-экономикалық тұрақ­ты­лы­ғы сақталары сөзсіз.   Тұрсын ЖҰМАБЕКҚЫЗЫ