Моңғолия жерінен Құтлық Елтеріс қағанның кешені табылды

Құтлық Елтеріс

Түркі халықтары үшін мұндай қуанышты жаңалықты Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәлі өзінің Facebook парақшасында сүйінші сұрап, бөлісті.

Құтлық Елтеріс

«Сүйінші! Ханғай жотасында, Өтүкен аймағында керемет жаңалық ашылды.

Халықаралық Түркі академиясы мен Моңғолия Ғылым академиясы Археология институтының біріккен ғылыми археологиялық экспедициясы Номғон алқабында Күлтегін мен Білге қағанның әкесі, Түрік қағандығын қайта дәуірлеткен ұлы Құтлық Елтеріс қағанның кешені табылды.

Салтанатты кешенде табылған бітіктаста тарихымызға бетбұрыс жасайтын түрік және соғды жазуымен мәтіндер бар!» деп жазды ол.

Құтлық Елтеріс

Сондай-ақ табылған жәдігерге қатысты толық ақпарат ертең Ұлан-Батырдағы баспасөз орталығында өтетін жиында жарияланатынын айтты.

Байқау айқын
Байқау айқын
Aikyn.kz | Бүгінгі жаңалықтар. Әлем және Қазақстан жаңалықтары.