Алматыдағы Спорт басқармасының лауазымды тұлғалары 369 миллион теңге жымқырды деген күдікпен ұсталды
Алматыдағы Спорт басқармасының лауазымды тұлғалары 369 миллион теңге жымқырды деген күдікпен ұсталды
Олар спорт жабдықтарын жалға алуға, мемлекеттік сатып алу шеңберінде сертификаттар мен кубоктар сатып алуға жалған шарттар рәсімдеген. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі мәлімдеді.
«Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Алматы қаласы Спорт басқармасының бұрынғы басшысы және оның қарамағындағы қызметкерлер ЖШС директорымен алдын ала сөз байласып, спорт жабдықтарын жалға алуға, мемлекеттік сатып алу шеңберінде сертификаттар мен кубоктар сатып алуға жалған шарттар ресімдеу және қаражатты ЖШС директоры  туыстарының банктік шоттарына негізсіз аудару арқылы 369 миллион  теңге сомасында бюджет қаражатын жымқырғаны анықталды», – делінген агенттік хабарламасында.
Сонымен қатар  өзге ақпараттар тергеу мүддесіне сәйкес жария етуге жатпайтынын айтты.