Нұр-Сұлтанда курьерді соққыға жыққан ер адам тергеуге алынды
Нұр-Сұлтанда курьерді соққыға жыққан ер адам тергеуге алынды
451
оқылды
Нұр-Сұлтан қаласында «Glovo» жеткізу қызметінің курьерін соққыға жыққан азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық Полиция департаментінің баспасөз хатшысы Нұралы Тәңірбергенов мәлімдеді.
«Ағымдағы жылдың 22 тамызында сағат 19:50 шамасында полицияға «Glovo» курьерін ұрып-соғып дене жарақатын салғаны туралы хабарлама түсті. Аталған факті бойынша Есіл аудандық полиция басқармасы Қылмыстық кодекстің 293-бабы (Бұзақылық бабы) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады. Оның қорытындысы бойынша процессуалдық шешім қабылданатын болады»,- деді полиция департаментінің баспасөз хатшысы.