«Зейінді 1000 бала» қайырымдылық жобасы аясында 1000 бала оқу құрал-жабдықтарымен қамтамасыз етілмек
«Зейінді 1000 бала» қайырымдылық жобасы аясында 1000 бала оқу құрал-жабдықтарымен қамтамасыз етілмек
300
оқылды
«Dauletten» қайырымдылық қоры Балалар жылы аясында, жаңа оқу жылы қарсаңында «Зейінді 1000 бала» қайырымдылық жобасын ұйымдастырды. Жоба мақсаты – ата-ана қамқорлығынсыз қалған, көпбалалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан республикамыздың түкпір-түкпіріндегі жиыны 1000 баланы мектепке қажетті оқу құрал-жабдықтарымен қамтамасыз ету. Жобаға өтінім беру dauletten.kz сайты арқылы арнайы сауалнама негізінде 8-15 тамыз аралығында жүргізілді. Республикамыздың барлық өңірлерінен өтінімдер түсті. Бүгінгі таңда көмек алушы 1000 оқушының тізімі dauletten.kz сайтында жарияланды. Енді 1000 оқушыға 30 000 теңге көлемінде қаржы аударылатын болады. Жиыны жоба аясында 30 000 000 теңге көлемінде қайырымдылық жасалынып отыр. Жоба қайырымды жандардың арқасында жүзеге асты. 24 тамыз күні сағат 14:00-де Нұр-Сұлтан қаласы, «Думан» қонақ үйінде Нұр-Сұлтан қаласы бойынша оқушыларға сертификат табыстау рәсімі өтеді. Шараға қоғам белсенділері, депутаттар, блогерлердің қатысуы күтілуде.