Павлодарда үй алдында ер адам қызға шабуыл жасаған

Павлодарда үй алдында ер адам қызға шабуыл жасаған

Павлодар полицейлері қызды кірпішпен бірнеше рет ұрған ер адамды іздеп жатыр.
23 тамызда Павлодар қаласының полиция бөліміне 20 жастағы қыз хабарласып, белгісіз ер адамға қатысты шара қолдануды сұрады.
"21 тамыз күні сағат 01:10 шамасында белгісіз ер адам қыздың басынан кірпішпен бірнеше рет ұрған",– деді Павлодар облысы ПД баспасөз қызметі.
Зардап шеккен қыз ауруханаға 21 тамыз күні күндіз барған. Оған «мидың шайқалуы» диагнозы қойылды.
"Бұзақылық бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Жәбірлеушінің жеке басын анықтау бойынша жедел-іздестіру іс-шаралары жүргізіліп жатыр", – деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаменті бастығының орынбасары Рашад Өтеуов.