1500 оқушы мектепке дайын
1500 оқушы мектепке дайын
262
оқылды
«Баланы мектепке даярлайық!» ак­ция­сы шеңберінде Шығыс Қазақстан облысында 1500-ден астам оқушыға оқуға қажетті кеңсе тауарлары бар мектеп сөмкелері табысталды.
«Сіздерді жаңа оқу жылының бас­талуы­мен шын жүректен құт­тық­тай­мын. Оқуда тек табыс, сәттілік тілей­мін. Бұл – біздің дәстүрлі іс-шарамыз. Жыл сайын осылай балаларды оқу жы­лы қарсаңында қуантып өз тара­пы­мыздан қолдау білдіреміз», – деді «AMANAT» партиясы фракциясының мү­шесі, Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты Д.Сомов.
Игі шараның негізгі мақсаты – аз қамтылған және көпбалалы отбасынан шық­қан балаларға қолдау білдіру. 10 жыл көлемінде дәстүрлі түрде ұйым­дастырылып келе жатқан шараға де­пу­таттар, меценаттар, кәсіпкерлер, бас­тауыш партия ұйымдарының өкіл­дері және белсенді партия мүшелері үне­мі қолдау білдіріп, – демеушілік жа­сауда.
«Балаларды жаңа оқу жылына дайындау көпбалалы отбасылар үшін оңай емес. Осындай кезде мұндай акция– біз үшін үлкен көмек. Қазір бір баланың киім-кешегі мен оқу­ға қажетті құрал жабдықтарын са­тып алудың өзі қомақты қаражатты қа­­­жет етеді. Көпбалалы ата-ана ре­тінде осы игі шараны ұйымдас­тыру­шы­­ларға ризашылығымды біл­діре­мін», – деді Өскемен қаласының тұр­ғыны, көп­балалы ана Г.Нөке­жа­нова.