Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашүкеев Қазақстанда ет бағасының өсуіне ешқандай негіз жоқ екенін мәлімдеді. Ал осыған дейін құнның көтерілуіне ведомство басшысы басқа заттардың қымбаттауын айыптап отыр.
«Мал басы өсіп жатыр. Шетелге экспорттау көлемі де артып келеді. Сондықтан жағдай тұрақты. Жанар-жағармайдан бастап барлық қажетті заттардың бағасы өскеніне байланысты ет бағасы да біршама көтерілуі мүмкін», – дейді Қарашүкеев.Министрдің айтуынша, мал шаруашылығының рентабельділік деңгейі біркелкі сақталуы керек. Егер олар шығынға ұшыраса, ертең ет бағасы да, көлемі де болмайды. Сондықтан бағаны болжау қиын.
«Бағаны болжаған кезде біз бірнеше факторды ескеруіміз керек. Бірінші фактор – мал басы. Мал басы тұрақты өсіп жатыр. Екінші мәселе – қаржыландыру», – деді Ауыл шаруашылығы министрі.