Жобаны жан-жақты түсіндірді
Жобаны жан-жақты түсіндірді
Қостанай облысы Фёдоров ауданының тұрғындарына «Ауыл ама­на­ты» жобасының игіліктері түсіндірілді. Өз кезегінде аудан халқы іс­тен қашпай, ілкімді жобаға ашық екендіктерін жеткізді. Мысалы, Придорожное және Успе­новка ауылдарының тұрғындары коопе­ра­­тивтің үйлесімді жұмысының арқасында азаматтар өздері үшін диви­дендтер ала алатындығын атап өтті. Ал Придорожное елді мекенінің тұр­­ғыны Юлия Паладуца ауылға шаш­та­раз ашу керек екенін айтты. Осы бағ­дар­лама арқылы несие алып, ауылда кәсіп бас­тауға деген ниеті барын жа­сыр­мады. Федоров ауданына қарасты ауыл­дар­да негізінен мал шаруашылығы жақ­сы дамыған. Успеновка ауылында ел­ге оралған қандастар мал басын кө­бейтіп, кәсіп ашқылары келеді.
«Мен осы ауылда 25 жылдан бері тұра­мын. Жұрт етті арзанға алғысы ке­леді. Мал ұстайтын адамдар бірігіп, ет өткізсек, тиімді болар еді», – дейді ауыл тұрғыны Қуаныш Боқай.
Халықтың табысын арттыру жобасы 2023 жылғы қаңтарда басталады. Осы уа­қытқа дейін ауыл тұрғындарында мал шаруашылығын дамыту немесе ауыл­да ша­ғын бизнес ашудың кіріс-шы­ғыс­тарын есептей алады. Айта кетейік, «AMANAT» партия­сы ел Үкіметімен бірлесіп әзірлеген «Ауыл ама­наты» жобасы халықтың та­бысын арт­­тыруға бағытталған. Жо­ба аясында аза­­маттар ауыл аума­ғын­да­ғы кез келген қыз­­метті дамыту үшін 2,5 пайыздық мөл­­шерлемемен несие ала алады.