Жамбыл облысы Шөлдала шекара бекетінде сарбаз Бекбол Досболұлы Мираш қайтыс болды, - деп хабарлайды Aikyn.kz.
Бекбол Досболұлы Атырау облысы Қызылқоға ауданы Миялы ауылынан әскер қатарына сәуір айында шақырылған. Марқұмды туған-туысы 22 тамыз күні жерледі. Сарбаздың денесі Жамбылдан Атырауға ұшақпен, одан Миялы ауылына дейін тікұшақпен жеткізілді. Бекбол Мираштың табытын алып келген әскери қызметкерлерге Бекболдың қызы сарбаздың соңғы жазған хабарламасын оқып берді.
Телефондағы хабарламада Бекбол Мираштың қайта-қайта ақша сұрағаны, қиналып жүргені туралы айтылады.