Коронавирусқа шалдыққандар саны екі есе көбейді
Коронавирусқа шалдыққандар саны екі есе көбейді
Фото: sputnik-abkhazia.ru
Өткен тәулікте коронавирус 668 адамнан анықталды. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады. Оның ішінде: Нұр-Сұлтан қаласында – 146, Алматы қаласында – 39, Шымкент қаласында – 2, Ақмола облысында – 76, Ақтөбе облысында – 17, Алматы облысында – 7, Жетісу облысында – 17, Атырау облысында – 19, Шығыс Қазақстан облысында – 21, Абай облысында – 5, Жамбыл облысында – 1, Батыс Қазақстан облысында – 68, Қарағанды облысында – 69, Ұлытау облысында – 13, Қостанай облысында – 54, Қызылорда облысында – 8, Маңғыстау облысында – 27, Павлодар облысында – 35, Солтүстік Қазақстан облысында – 41, Түркістан облысында – 3. Елімізде коронавирусқа шалдыққандардың жалпы саны 1 385 023-ге жетті.