Алдағы күндері ауа райы қандай болады?
Алдағы күндері ауа райы қандай болады?
Фото: ortcom.kz
347
оқылды
«Қазгидромет» 25, 26 және 27 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынды. Болжамға сәйкес, республиканың батыс және оңтүстік өңірлерінде күн ашық болады. Ыстық әлі де сақталады. Еліміздің солтүстік, орталық және шығыс өңірлерінде ауа райының қалыптасуына солтүстік циклон жырасы әсер етеді. Сондықтан жаңбыр жауып, найзағай ойнап, жел күшейеді, аптаның аяғына қарай солтүстік өңірлерде ауа температурасы төмендейді деп күтіледі. Қазақстанның батысында күндізгі ауа температурасы +27+38 градус шамасында сақталады. Республиканың солтүстік-батысында ауа температурасы +25+32 градустан +20+28 градусқа дейін, солтүстігінде +22+27 градустан +18+23 градусқа дейін төмендейді, елдің орталығы мен шығысында ауаның температурасы +18+28 градус, оңтүстігінде +28+35 градус, оңтүстік-шығысында +20+30 градус шамасында болады.