Абақтының ауласына есірткі лақтырған ер адам 7 жылға сотталды
Абақтының ауласына есірткі лақтырған ер адам 7 жылға сотталды
Фото: gov.kz
201
оқылды
Шымкентте түзеу мекемесіне есірткі өткізбек болған, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Polisia.kz-тің дерегінше, Шымкент қаласы Еңбекші аудандық соты есірткі тасымалдаған ер адамға қатысты үкім шығарды. Сот оны есірткі тасымалдағаны үшін кінәлі деп таныды. 29 жастағы ер адам Шымкенттегі түзеу мекемесінде жазасын өтеп отырған танысына есірткі жеткізбек болған. Автокөлік жалдап, мекеменің қорғанына жақындап, 3 түйіншек (скотчпен оралған) есірткіні қоршаудан асырып лақтырып, бой тасалаған. Полиция тергеу жүргізді. Сараптама нәтижесінде, жалпы салмағы 122,6057 грамм кептірілген марихуана мен 66,7945 грамм гашиш екені анықталды. Күдікті Түркістан облысының тұрғыны екені белгілі болды. Ол кінәсін толықтай мойындап, істеген ісіне өкінді.
«Шымкент қаласы Еңбекші аудандық сотының үкімімен ол ҚК-нің 297-бабы 2-бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, 7 жыл мерзімге бас бостандығынан айырылды» делінген ресми хабарламада.
Ол бұған дейін 2017 жылы есірткі сатқаны үшін 3 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылып, жазаланған.