Түмендегі Абай сыныбы
Түмендегі Абай сыныбы
238
оқылды
Қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойына орай 21 ақпанда Ресейдің Түмен облысы Есіл қаласында қазақ тілін оқытатын сынып ашылады. Оған Түмен облыстық қазақтардың ұлттық-мәдени автономиясы бастама болды. Сондай-ақ Түмен облыстық үкіметі, жергілікті атқарушы органдар қолдау білдіріп отыр. Басты мақсат – балаларды ана тілінде сөйлеу, жазуға ғана үйретіп қоймай, қазақ халқының өткен мен бүгінін таныту, мәдени, рухани жаңа­лықтарынан хабардар ету. Түмен облыстық қа­зақ­­тар­дың ұлттық-мәдени авто­­номиясының төрағасы Есен­ғали Ибраевтың айтуын­ша, сынып Абай есімімен аталады. «Ресейдегі қазақтар үшін Абайдың әдеби мұра­сы, шы­ғармаларын наси­хат­­таудың маңызы зор. Тү­­мендік жастар үлкенге – құр­мет, кішіге ізет көрсету, отба­сы құндылықтарын дә­ріптеу, салт-дәстүрге қам­қор­­лықпен қарау, төл мұра­мыз­ды насихаттауға ерекше көңіл бөледі. Абайдың ұлы – Әбдірахманның 1886-1889 жылдары Түмендегі Алек­сан­­дровск училищесінде бі­лім алғаны – біз үшін өте ма­­ңызды. Ол Түменге 18 жа­­сында келген. Абай әле­мін­дегі Түменнің алар орнын дә­лелдермен, мұрағат ма­те­риал­дарының ізімен, зерт­теп – зерделеп, тексеріп жа­тыр­мыз», – деді Есенғали Ибраев. Төрағаның айтуынша, биыл Түмен облысындағы қазақтардың ұлттық-мә­де­ни автономиясының бас­та­­масымен өтетін барлық мә­­де­ни-рухани іс-шаралар Абай­дың 175 жылдық мерей­тойы­на арналады. «Ақынның мерейтойы – қазақ халқының төл мәде­ние­­тін сақтай отырып, жүйелі на­сихаттаудың бірден-бір те­тігі. Атап айтқанда, Тү­мен облысында Абайдың 175 жыл­­дық мерейтойы ая­сында қазақ мәдени күн­дері, Түмен облысы қазақ­та­рының құрылтайы, қазақ шы­ғар­машылығына арналған «Жас ұр­пақ» ІІ облыстық ба­ла­лар байқауы өтеді. Ақын­ның қа­ра сөздері, өлең­дері, ау­дар­­­маларын кеңінен наси­хат­тау үшін «Абай оқу­лары» ұйым­дас­ты­ры­лады. Биыл 21 ақпанда Халықаралық ана тілі күнінде Абайдың 175 жылдық мерейтойының құрметіне орай Түмен облысының Есіл қа­ласында қазақ тілін оқы­та­тын Абай атындағы сы­­нып­ты ашамыз», – деді Есен­ға­ли Ибраев. Мәдени-танымдық іс-шараларда Абай мұрасын ғылыми тұрғыда зерделеуге басымдық беріледі.   Майра БАҚЫТ