Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан Президентін «Алтын Қыран» орденімен марапаттады
Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан Президентін «Алтын Қыран» орденімен марапаттады
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан Президенті  Ильхам Алиевті  «Алтын Қыран» орденімен марапаттады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.  Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасы мен Әзербайжан Республикасы арасындағы екіжақты саяси, экономикалық және мәдени қатынастарды нығайтуға және дамытуға қосқан айрықша үлесі үшін Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Алиевті «Алтын Қыран» орденімен наградтау туралы Жарлыққа қол қойды.   Жарлықтың толық мәтіні   И.Г. Алиевті «Алтын Қыран» орденімен наградтау туралы 2022 жылғы 24 тамыз ҚАУЛЫ ЕТЕМІН: 1. Қазақстан Республикасы мен Әзербайжан Республикасы арасындағы екіжақты саяси, экономикалық және мәдени қатынастарды нығайтуға және дамытуға қосқан айрықша үлесі үшін Әзербайжан Республикасының Президенті Ильхам Гейдар оглы Алиев «Алтын Қыран» орденімен наградталсын. 2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Президенті Қ.Тоқаев Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2022 жылғы 23 тамыз № 989