Әзербайжанда Құрманғазы атындағы шығармашылық орталық бой көтереді
Әзербайжанда Құрманғазы атындағы шығармашылық орталық бой көтереді
Әзербайжанның Физули қаласында Қасым-Жомарт Тоқаевтың шешімімен Құрманғазы атындағы шығармашылықты дамыту орталығы салынбақ. Шығармашылық орталықтың іргетасы биыл қыркүйекте қаланып, 2023 жылдың желтоқсан айында пайдалануға беріледі деп көрсетілген.
"Физули қаласындағы Құрманғазы атындағы шығармашылық орталығы музыка және музыкалық аспаптар, заманауи технологиялар: жұмыс жабдықтары, 3D модельдеу, веб-дизайн, фото және видео курстар бағытында жұмыс істемек. Сонымен қатар кілем тоқуға, қолөнерге, түрлі спорт пен хореографияға баулитын сыныптар ашылады" делінген ақпаратта.
ҚР Президенті қазақ халқының атынан жасалған бұл сыйлықты екі ел достығының, бауырластығының және өзара қолдаудың тағы бір нышаны деп атап өтті. Ильхам Әлиев Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс білдіріп, Физули қаласының балалары үшін әлемдік деңгейдегі шығармашылық орталық болатынына сенім білдірді.