Қайрат Сатыбалдыұлына қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталды
Қайрат Сатыбалдыұлына қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталды
447
оқылды
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Қайрат Сатыбалдыұлына және басқа да тұлғаларға қатысты аса ірі көлемде «Қазақтелеком» АҚ мен «Көліктік сервис орталығы» АҚ қаражатын ұрлау фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеуді аяқтады. Аталған іс бойынша күдіктілердің біреуі қамауда, екеуі – үйқамақта. Тергеу барысында айыпталушылардан жалпы сомасы 240 миллиард теңгеден астам немесе 500 миллион АҚШ долларынан астам қаражат пен заңсыз сатып алынған активтер мемлекетке қайтарылды. Қайрат Сатыбалдыұлына қатысты салық пен кедендік төлемдерді төлеуден жалтару, қылмыстық кірістерді заңдастыру фактілері бойынша қылмыстық істер қосымша тергелуде. Айыпталушылардың басқа да заңсыз активтерін іздестіру белсенді түрде жалғасып жатыр. Елде және шетелде қосымша жылжымайтын мүлік, автомобильдер және жалпы сомасы 400 миллиард теңгеден астам немесе 900 миллион АҚШ долларынан астам ақшалай қаражат орнатылып, жақын арада мемлекетке қайтарылатын болады.