Қаңтар оқиғасына қатысқан 3 адамға сот үкімі шықты
Қаңтар оқиғасына қатысқан 3 адамға сот үкімі шықты
200
оқылды
Өскемен қаласында қаңтар оқиғасына қатысқан 3 адамға сот үкімі шықты. ШҚО Прокуратурасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, қаңтар оқиғасында жаппай тәртіпсіздікке қатысқан Өскемен қаласының 3 тұрғыны сотталды. «Қалалық сотта Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 272, 380-баптары (Жаппай тәртіпсіздіктерге қатысу, билік өкілінің өмірі мен денсаулығына қауіпті емес күш қолдану) бойынша іс қаралды. Сотталушылар өз кінәсін мойындау туралы прокуратура қызметкерлерімен процессуалдық келісім жасасқан. Сот барысында олардың істеген істеріне шын жүректен өкінетіндіктері де ескерілді», - делінген ақпаратта.