Алматылық әйел үш баласын суға батырмақ болған: куәгерлер оқиғаның қалай болғанын айтты

Алматылық әйел үш баласын суға батырмақ болған: куәгерлер оқиғаның қалай болғанын айтты

Алматылық әйел үш баласын суға батырмақ болған. Ол мұндай әрекетке неге барғандығын құтқарушыларға айтып берді,– деп хабарлайды «Астана» телеарнасы. Оқиға Сайран көлінде болған. Құтқарушылар қайғылы оқиғаның алдын алды - олар үш баланы судан алып шықты. Балалардың ең үлкені төрт жаста, кішісі бір жастан енді асқан.

"Құтқарып алғаннан кейін 3 баласын кіргізіп, обогреватель қосып, үстіндегі су киімдерін шешіп, барлығын жыл көрпеге орап отырғызып қойдық. Әйел адаммен сыртта сөйлестік ол кісі шоковое состояниеде болды да ақшам жоқ деді. 26 жастағы келіншек отбасымен Алатау ауданындағы 3 бөлмелі пәтерде тұрады. Жолдасы түрмеде қызмет етеді. Өзі 3 баламен үйде отыр. Төртінші баласына жүкті көрінеді"– дейді құтқарушы Сәби Ержанов.
Әйелдің таныстары күйеуін қызғанғандықтан мұндай шарасыз қадамға баруы мүмкін деп болжайды.
"Бұл әйел біздің орталығымызда тіркеуде тұрған. Жалпы келіншек туралы көршілері жақсы пікірде емес. Балаларына тамақ бермейді. Өмірі аш жүреді. Бұрын да оларды өлтірмек болған екен. Суға батырамын деп күйеуіне хабарласқан. Жолдасы көршілерге айтып, оны дер кезінде тоқтатқан. Осы оқиғадан кейін балалардың анасын психоневрологиялық орталыққа жатқызыпты. Бүгін қоғамдық денсаулық басқармасы әйелді үйіне шығарғанын айтты. Енді тасбауыр әйелдің әрекетін полиция тексермек", – дейді  Алатау ауданы «Бақытты отбасы» орталығының басшысы Ақмарал Басирова.
Әйелдің неліктен мұндай қадамға барғанын қазір полиция анықтап жатыр.
"Аталмыш дерек қазіргі Әуезов аудандық Полиция басқармасында тергелуде. Тиісті тергеу амалдары және процессуалдық әрекеттер жүргізілу үстінде", – деп хабарлады Полиция департаментінен.