Павлодарда қыздың басынан кірпішпен ұрған ер адам қолға түсті
Павлодарда қыздың басынан кірпішпен ұрған ер адам қолға түсті
676
оқылды
Павлодар полицейлері қызды кірпішпен бірнеше рет ұрған ер адамды ұстады.
"Полиция қызметкерлері күдіктіні ұстады. Ол Павлодар қаласының 27 жастағы тұрғыны болып шықты. Сотқа дейінгі өндірісті жүргізу барысында ол қыздың телефонын тартып алуға әркеттенгені анықталды. Тергеу "қарақшылық шабуыл" фактісі бойынша жүріп жатыр",– деді облыстық Полиция департаменті бастығының орынбасары.
Ведомство өкілдерінің мәлімдеуінше, күдікті Павлодар қаласының уақытша ұстау изоляторына қамалған.