Әли Модричпен кездесті
Әли Модричпен кездесті
184
оқылды
Әли Тұрғанбековтің футбол жұлдыздарымен жүз­де­сіп жүргеніне көп болды. Осыған дейін Месси, Андрей Шевченко, Неймар, Мбаппе, Кавани мен Мара­донамен кездесті. Кафу, Хулио Сезар, Бебето мен Хави қол­таң­басын беріп, жылы лебізін білдірді. Ливерпуль ойын­шыларына УЕФА Суперкубогын тапсырған ол бұл жолы Модричпен футбол ойнады. «Реал» ойыншысы, «Ал­тын доп» иегері Лука Мод­рич Әли Тұрғанбеков­пен кез­десті. Қазақстандық фут­бол жанкүйерімен таны­сып, тілдескеніне ойын­шы­лар дән риза. Өйткені олар футболдың жай ғана ойын емес екенін күллі әлем­ге дәлелдеп жүр. Спорт бағдарламаларын үз­бей қарайтын Әлидің фут­бол­ға деген құштарлығы бөлек. Соның арқасында әлемді аралап, әйгілі футбол­шы­лар­мен сұхбат құрып жүр.
Әли Тұрғанбековпен жүздескен Модрич Instag­ram-ға арнайы жазба жа­рия­­лады. Әлимен таныс­қанын айтып, оған әлемді ша­быт­­тандыруға үлес қо­суын жалғастыруын сұраған. Әрі футболдың жай ғана спорт емес екенін атап өткен.
Өз кезегінде Әли Мод­рич­ке рақметін айтып, осын­дай сәт сыйлаған Жарат­қан­ға шексіз алғыс білдірді. Бұл жайында ол Instagram-ға жазба жариялап, хорват ойын­шысымен футбол ой­на­ған видеосын жүктеді. Бұдан бұрын ол «Реал Мад­рид» шабуылшысы Ка­рим Бенземамен жо­­лық­қан. Әли мен «Реал­дың» тоғыздығы бірге түс­­кен фо­то­ны Хабиб Нур­­ма­гомедов жариялап, Бен­зе­­маға ерекше ықыласын айт­­қан. Осындай ізгі іс іс­те­ген Хабиб пен Тұр­ған­­бе­­ков Алматыда аралас жек­пе-жек кешінде кездесті. UFC үздігі Әлиге «ПСЖ» фут­­­болшылары қол қойған доп тарту етті. Сондай-ақ ол жас жанкүйерді Криштиану Ро­налдумен тілдестіремін деп уәде берген еді. Көп өт­пей уәдесін орындап, Әли Ита­лия­ға сапар шекті.   А.ЖОЛДАС