Бір тәулікте коронавирусқа шалдыққандар саны қайта көбейді
Бір тәулікте коронавирусқа шалдыққандар саны қайта көбейді
Фото: medvestnik.ru
230
оқылды

Өткен тәулікте елімізде коронавирус 725 адамнан анықталды. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссия хабарлады.

Өңірлер бойынша: Нұр-Сұлтан қаласында – 137, Алматы қаласында – 35, Шымкент қаласында – 10, Ақмола облысында – 83, Ақтөбе облысында – 27, Алматы облысында – 4, Жетісу облысында – 3, Атырау облысында – 28, Шығыс Қазақстан облысында – 24, Абай облысында – 12, Жамбыл облысында – 8, Батыс Қазақстан облысында – 78, Қарағанды облысында – 93, Ұлытау облысында – 10, Қостанай облысында – 61, Қызылорда облысында – 9, Маңғыстау облысында – 24, Павлодар облысында – 41, Солтүстік Қазақстан облысында – 34, Түркістан облысында – 4. Жалпы, пандемия басталғалы елімізде 1 385 748 адам коронавирусқа шалдықты.