Қазақстанға сопақ "қарбыз" кіргізбек болғандар ұсталды
Қазақстанға сопақ "қарбыз" кіргізбек болғандар ұсталды
565
оқылды
Түркістан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің "Қапланбек" кеден бекетінде қауынды контрабандалық жолмен әкету әрекеті анықталды. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитеті хабарлады. 23 тамызда "Қапланбек" кеден бекетінде комитеттің Ахуалдық орталығының қызметкерлері инспекциялық тексеріп-қарау кешенінің суреттерін талдау кезінде мәлімделген құжаттарда сәйкессіздік анықтады. Құжаттарда мәлімделген "қарбыздың" орнына суретте сопақ пішіндес тауар көрінген. Мәлімет кедендік тексеруге жіберілген. Кедендік жете тексеруді жүргізу кезінде "Қапланбек" кеден бекетінің қызметкерлері 62 тонна декларацияланбаған "қауын" тауарын анықтаған.
"Сыртқы экономикалық қызметке қатысушы 12 тонна "қауын" тауарын және 66 тонна "қарбыз" тауарын мәлімдеген. Кедендік төлемдерді төлеуден жалтару мақсатында импорттаушылар декларацияларда неғұрлым арзан тауарды мәлімдейді. Анықталған заңбұзушылықтар бойынша сыртқы экономикалық қызметке қатысушы қолданыстағы заңнамамен жауапкершілікке тартылады", - делінген хабарламада.